Зырянда дөңгелек үстел
2017 жылдың 20 қазанында «Зырян ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту Орталығында» КММ «Латын әліпбиіне көшу - тіліміз үшін жасалған игі қадам» атты Дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел басында: әліпби және оның мәні, қазақ халқының жазу тарихы, латын әліпбиіне өту-уақыт талабы, латын әліпбиіне көшу, архивтік құжаттарға қалай әсер етеді, білім беру мекемелерінде латын әліпбиіне көшу, мемлекеттік графика реформасына жастардың көзқарасы сияқты мәселелер қаралды. Іс-шараға «Зырян ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту Орталығы» КММ директоры Г.А. Рамазанова, тілдерді оқыту Орталығының орыс тілі оқытушысы С.П. Самохвалова, №11 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қ.Қ. Исабаев, Зырян қ. Достық үйінің директоры Г.М. Дедова, Зырян аудандық сотының судьясы Б.А. Шамшаева, Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы М. Б. Сарсембина, Зырян технологиялық колледжінің студенттері, Зырян филиалының директоры С. К. Сейлханов, мұрағатшылар Г.С. Маутиева, С.А. Вельц. Мұрағатшылармен архивтің Зырян филиалында сақталынған, Қазақстанда 1933-1936 жылдары латын алфавитінде жүргізіліп отырған құжаттары ұсынылды.