«Қазіргі кезеңдегі архив ісі: өзекті мәселелер, тәжірибе, инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2017 жылдың 12 – 13 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінда «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: өзекті мәселелер, тәжірибе, инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда Таяу және Қиыр шетел архив мекемелерінің өкілдері қатысты: Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғыстан, АҚШ. Конференция жүмысында ШҚО мемлекеттік архиві директорының м.а. Е.В. Костина қатысты.
Конференция жұмысында, архив ісін ақпараттандыру, бірыңғай ақпараттық-іздестіру жүйесін құру, электрондық ақпаратты сақтау сұрақтарына үлкен назар аударылды, өйткені Қазақстан архивтері қазіргі уақытта шет елдермен салыстырғанда ақпараттық технологияларды пайдалануда қалып отыр. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету сұрақтары, аса құнды құжаттар көшірмелеріне сақтандыру қорын құру мәселелері қозғалды, архив ісінің даму болашағы талқыланды.
Барлық аталғана мақсаттар Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының Б.А. Джапаровтың баяндамасында орын алды, онда тек архив саласының барлық өзекті мәселелерін ғана емес, олардың шешу жолдарын да айтып кетті.
Ерекше қызығушылық, АҚШ Архивтер және құжаттама ұлттық басқармасының бас операциялық директорының орынбасары Крис Нейлордың баяндамасы танытты, қызметкерлері үшін «АҚШ құжаттаманы басқару: федератьивті өкіметтің нормативтік-құқықтық қырлары» тақырыбына шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағының аяғында барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерелерімен архив бойынша экскурсия ұйымдастырылды, онда конференция қатысушылары заманауи микрофиштер жасайтын жабдықпен және жоғары жылдамдфқты сканердің жұмысымен танысты.
Ең соңында Б.А. Джапаров конференция қорытындысын жасап, конференция архив саласының бұдан әрі дамуына үлесін қосатындығына, архив мекемелері, елдің құжаттық мұрасын сақтау, толықтыру және пайдалану саласында алдына қойған мақсаттарына жетуде сенімін артты.