Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зейнеткерлермен кездесу

3 қазан 2017 жылы Жарма филиалында «Қарттар күніне» орай зейнеткер архивистерге құрмет көрсетіліп, дастархан жайылды. Кездесуге көп жыл архив саласына еңбегі сіңген архивистер Цой Елена Сергеевна, Бекшенова Гаухар Рахметтолиновна, Кошкинбаева Сайраш Сапатаевна, Мухамеджанова Кульзихат Калымбековна, Ермеков Нурлан Кабдуллович келді. Кездесу ашық-жарқын көңілді өтті, өздерін ұмытпай ескеріп құрмет көрсеткендеріне ризашылық сезімдерін білдіріп, архивистер еңбегіне табыс тіледі. Жарма филиалының директоры Рахимов Бекказы Айтказинович жиналған қонақтарды мерекелерімен құттықтады. Архивымыздың бүгініне, беделіне, тыныс-тіршілігіне әрқайсыларыңыздың үлкен үлестеріңіз бар. Сіздердің мол іс-тәжірибелеріңізбен бөліскен ізбасарларыңыз бүгінде қызмет етуде. Жанұяларыңызға бақыт, зор денсаулық, береке-бірлік тілеймін, ұрпақтарыңыз әрқашан үміттеріңізді ақтасын!-деп, ізгі ниетін білдірді. Соңында естелік үшін фотоға түсіп, сыйлықтар табысталды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2017
Рейтинг@Mail.ru