Ұлттық рәміздер мерекесі
Зайсан қаласында 04 маусым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер мерекесінің 25 жылдығына арналған мәдени шара өтті.
Көк Туымызды ұстап аттылар бастаған, аппақ көліктер шеруі , велошабандоз-шылар қала көшелерімен жүріп өтіп, әскери бөлімнің арнайы Ту ұстаушылары Мемлекеттік Елтаңба және Туды салтанатты түрде орталық алаңға әкелді.
2017 шекара отрядының үрлемелі оркестрі , мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері әнмен жырдан шашу шашты.Аудан әкімі Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов, орынбасары Марат Уәли осы қастерлі мерекемен
жұртшылықты құттықтады. Оқушылардың қолынан Егеменді еліміздің бейбітшілік өмірін бейнелейтін 25 шар, 25 көгершін көкке ұшырылды. Архив ұжымы да бұл мерекелік шараға қатысты.