«Президенттік сынамалар»
2017 жылдың маусым айының 3 жұлдызында Аягөз ауданында мемлекеттік қызметте өтеп жүрген мамандар және Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-нің Аягөз филиалының қызметкерлері қатысты. «Президенттік сынамалар» нормативін орталық стадионда тапсырды. Барлығы 200-дей адам қатысты. Олар 100 және 3 мың метр (қыздар 1 мың метр) қашықтыққа жүгіру, орнынан ұзындыққа секіру, турникке тартылу (әйелдерге арқасынан жатып денесін көтеру) сиякты сынға түсті.
Басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, халықтың денсаулығын, дене дайындығының кай деңгейде екенін анықтау.