Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Архив ісі саласында тәжірибемен алмасу» дөңгелек үстелі

2017 жылдың 30 мамырында Шығыс Қазақста облысының мемлекеттік архивінда Алматы облысының мемлекеттік архиві, Алматы облысының мемлекеттік архивінің Сарқан филиалы, Семей қ. ЖТҚО, Глубокий ауданының мемлекеттік архиві мен ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қатысуымен архив ісі саласында жан-жақты даму жұмысының тәжірибесімен алмасу бойынша дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел жұмысында келесі сұрақтар талқыланды:

- «Шығыс Қазақстан облысының электрондық архиві» автоматтандырылған басқару жүйесін құру туралы ақпарат («ШҚО ЭЛАР» АБЖ) (Носова И.Ю.- ШҚО мемлекеттік архиві ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекшісі);

- «ШҚО ЭЛАР» АБЖ-не мәліметтер енгізу жұмысы туралы ақпарат (толықтыру көзі модулі) (Лебедева Л.М. - ШҚО мемлекеттік архиві жабдықтау және ведомстволық архивтерді бақылау бөлімінің жетекшісі);

- «ШҚО ЭЛАР» АБЖ-не мәліметтер енгізу жұмысы туралы ақпарат (мемлекеттік есеп модулі және топография модулі) (Баелова А.Т. – қорлардың бас сақтаушысы, құжаттардың сақтаулын және мемлекеттік есебін қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі);

- ШҚО мемлекеттік архивінда сақтаудағы құжаттарды пайдалану бойынша ақпарат (Шустова Т.В. – ҒАА, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің жетекшісі);

- Алматы облысының мемлекеттік архивінда сақтандыру қорын жасау туралы ақпарат (Кулмуханбетова Г.И. – Алматы облысы мемлекеттік архивінің бас директоры);

- архив саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.

Жұмыс барысында, архив ісі бағыттары бойынша әр түрлі сұрақтар туындап, мамандар сол сұрақтарға сапалы және толық жауаптар беруге тырысты.

Дөңгелек үстел мәжілісінің шегінде қатысушылар арасында құжаттарды электрондық түрге ауыстыру барысындағы күрделі мәселелер бойынша, сонымен қатар, құжаттарды пайдалануда әр түрлі нысан мен тәсілдер қолдану бойынша пікірлермен алмасты.

Дөңгелек үстел, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві бойынша экскурсиямен аяқталды, онда қатысушылар мен қонақтар бөлімдердің жұмысымен танысты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru