Назарбаев интеллектуалды мекебінің оқушылары ШҚОМА танысу
2017 жылдың 26 мамырында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде, Өскемен қаласының Назарбаев интеллектуалды мектебінің 9-шы сынып оқушыларына «Архив қызметінің рөлі» атты сабақ жүргізілді. Бүгінде архивтің рөлі – қоғамның ретроспективалық ақпаратқа деген қажеттілігін қамтамасыз ету. Архивтің қызметі негізгі бағыттарға бөлінген: құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есеп бөлімі; жинақтау және ведомстволық мұрағаттарды бақылау бөлімі; ғылыми анақтамалақ аппарат, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімі; құжаттардың құндылығын сараптау бөлімі; әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімі; ақпараттық технологиялар бөлім. Қазіргі уақытта мемлекеттік архив Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының бөлінбес бөлшегі болып табылатын құжаттарды сақтауды жүзеге асыратын мекеме болып, Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұрасының бөлінбес бөлшегі болып табылады.
Сонымен қатар, Алаш қозғалысына биыл 100-жыл толуына орай, «Алаш туы аясында» атты фотоқұжаттық көрменің тұсаукесері өтті. Ұлтым дегені үшін, ұлтшыл атанған. Елі мен жері үшін күрескен Алаш азаматтары Жүсіпбек Аймауытов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлимхан Ермеков, Мағжан Жұмабаев, Халел және Жаhанша Досмұхамедовтар, Раимжан Мәрсеков, Мухамеджан Тынышпаев т.б. қазақ зиялылары туралы баяндама оқылды. Алаштың» басты мақсаты – қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Алаштың асыл аманаты бізге тарихи- мәдени бірегейлігімізді, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізды күшейтуге шақырады. Баяндаманың соңында архивтің фойесінде орналасқан көрмедегі құжаттармен танысу өтті. Сондай-ақ, Алаш қозғалысы және Алаш арыстары туралы бейнематериал көрсетілді.
Бейнефильмнан кейін оқушыларға архив қоймаларынан экскурсия жүргізілді. Онда оқушылар құжаттардың сақталу тәртібімен және құжаттарды іздестіру ережелерімен танысты.