Жиын өтті
Зайсан мемлекеттік архиві филиалында «Ведомствалық мекемелердегі құжаттарды өңдеу және тізімдеме жасалуы, тізіімдемені архив филиалының экспепрттік комиссиясына және облыстық мемлекеттік архивтің эксперттік-сараптау комиссиясына келісуге » тарсыру туралы жиын өтті. Жиынға каладағы мекемелердің : аудандық мәслихат, ішкі саясат бөлімі, сот, прокуратура, экономика, спорт және физкультура бөлімдерінің іс жүргізуші мамандары қатысты.
Жиынды архив директоры Козлов Виктор Николаевич ашып, жүргізді. Мемлекеттік архивтің сараптау комиссиясына тапсырылған тізімдемелердің құжаттардың дайындау кезіндегі жіберілетін кемшіліктер туралы архивист Гүлназ Бабирова айтып, сұрақтары бойынша жауаптар қайтарылды. Алдағы уақытта кемшіліктерді жойып, өткізілетін тізімдемелердің сапасын жақсарту мақсатында архивпен мекеме арасындағы байланысты нығайту керектігі айтылды. Ұлттық архив қорының жинақтау көзі болып табылатын мекемелердегі құжаттардың сақталуын қамтамассыз ету жұмыстары жалғаса бермек.