Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Өшпес даңқ

2017 жылдың 05 мамырында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72-жылдығына арналған «Өшпес даңқ» атты фотоқұжаттық көрмесінің тұсаукесері өтті.

Көрмеде, архив қоймаларында сақтауда жатқан құжаттарынан алынған Ұлы отан соғыстың басталуы туралы құжаттар, Шығыс Қазақстан облысы бойынша үшінші дәрежелі Даңқ орденінің толық кавалерлері және Кеңес Одағының Батырлары туралы ақпарат ұсынылған.

Көрмелерде «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында 1941-1945 жж.» топтамасының құжаттары, Қазақстан Коммунистік партиясының Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің және Қазақстан Коммунистік партиясының Өскемен қалалық комитетінің құжаттары, 1941-1945 жж. ҰОС қатысушыларының жеке қорлары қолданылды.

Көрме тұсаукесері Өскемен қаласының № 30 орта мектебінің оқушыларының қатысуымен өтті№ Сонымен қатар, оқушыларға «ҰОС жылдарында шығысқазақстандықтардың қосқан үлесі» сабағы және облыстың мемлекеттік архив қоймаларына экскурсия жүргізілді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru