Ұлы Отан соғысынының Жеңісіне арналған мерекелік іс-шаралар
Мемлекеттік мұрағаттың Жарма филиалының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының Жеңісіне арналған орталық алаңда ескерткішке гүл шоқтарын қою мерекелік шеруге қатысты. Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар аясында жастар ұйымының атынан шыққан «Қаһарман Ұлт» акциясы өткізілді. Жарма ауданының әр ауылдық округтарынан жиналған жастар, патриоттық ән байқауына және ат спорт түрлерінен аудандық спартакиадаға қатысты.
Орталық алаңда өткен салтанатты жиында аудан әкімі Сыдыков Н.Б. және әкімінің орынбасарлары, ардагерлер кеңесінің төрағасы Есполов Н.О. аудан тұрғындарын және соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтады. Жарма ауданының соғыс ардагерлеріне де сөз беріліп, аудан тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады.
Іс-шаралардың ең қызықтысы оқушылар дайындаған мерекелік шеру болды. Іс-шара әрі қарай мерекелік концертпен жалғасты.