Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қазақстан халқының бірлігі күні

Аудандық орталығының Мәдениет уйінде өткен 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты фестиваліне «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Жарма филиалының қызметкерлері де белсене қатысты.

 

Аталған шараға мектеп оқушылары, ауылдық округтердің көркемөнерпаздары, мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары атсалысты. Қатысушылардың барлығы мерекеге орай, әр ұлттың салт-дәстүрі мен өнерін насихаттайтын арнайы дайындалған концерттік бағдарламалары мен ұлттық тағамдарын тарту етті. 

 

Мерекелік шара барысында аудан әкімі Нұрлан Бәтташұлы Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, халықтар достығын нығайтуға, ел арасында бірлік пен татулықты насихаттауға арналған шараларға белсене қатысып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Көпшілікке қуаныш сыйлаған мереке аудан көлемінде мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған «Би әлемі» байқауының қорытынды бөлімімен жалғасты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru