Шемонаиха қ. «Алаш туы аясында» көрмесінің тұсаукесері
2017 жылдың 14 сәуірінде Шемонаиха қаласының тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратында Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің қызметкерелері, «Алаш» партиясының 100-жылдығына арналған «Алаш - туы аясында» атты фотоқұжаттық көрменің тұсаукесерін өткізді.
Осындай іс-шараны өткізуде Шемонаиха ауданының мемлекеттік архив директоры, Гульжан Айбалтиновна Саркисян және Шемонаиха қаласының тарихи-өлкетану мұражайының директоры, Наталья Георгиевна Дубинчик қолғабыс етті.
Көрмеде «№ 19 кәсіби лицей» оқушылары, кітапхана қызметкерелері, Ардагерлер кеңесінің өкілдері, Халықтар Достық Үйінің қызметкерелері мен БАҚ қатысты.