Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Музыка мектебінің мерейтойы

25 наурыз 2017 жылы Зайсан қаласындағы музыка мектебінің 55 жылдық мерейтойы аудандық мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік жиынды музыка мектебінің басшысы Әділбаева Венера Арғынқызы ашып, мектептің жетістіктерімен, табыстарына тоқталып өтті. Бүгінгі күні музыка мектебінде 500 ден аса оқушы білім алуда.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Уәли ұжым мүшелерін құттықтап, музыка мектебінің ұжымына табыс тіледі. Мектептің ұзақ жылдар қызмет істеген мұғалімдеріне марапаттар табысталды. Бұл мерекелік шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен қызмет жолдарын осы мектепте бастаған сазгер Бағдат Есдаулетова, Серік Құрманғалиев, Арыстанбек Биғалиевтар келді. Және осы жақтың тумасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айткүл, Қанат Құдайбергеновтар жанұясы келіп, тойға әннен шашу шашты. Ұстаздық және басшылық қызмет еткен, бүгінгі күні марқұмдар Рысбек Жұмағалиев, Қабимолда Баитов, Зарлық Бекбосыновтардың жұбайлары қатысып, ұмытпағандары үшін ризашылықтарын білдірді. Салтанатты жиын соңы, музыка мектебінің оқущылары қойған концертке ұласып, қонақтарға мерей-той дастарханы жайылды.

Дайындаған мұрағатшы А.Ж.Дюсюпжанова

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru