Зырян архивіне саяхат
2017 жылғы 09 наурызында ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Зырян филиалында дәріс –экскурсия өткізілді, оған Зырян қ. № 2 мектеп-интернатының оқушылары шақырылды.
Мұрағатшы С. А. Вельц оқушыларға Зырян қаласының және Зырян ауданының қалыптасуы және дамуы туралы, құрылысы және қала құраушы кәсіпорындар туралы айтты. Балаларды адамдар өмірінің тарихынан хабардар етті. Жастар Зырян ауданының дамуы, Тұрғұсын ГЭС-і құрылысы, Зырян а. Зырян уезінің қарапайым тұрғындарының фотоөмірі суреттерін аса қызығушылықпен қарады. Дәріс аяқталған соң оқушыларға Зырян архиві бойынша саяхат жасалды, саяхат барысында олар архивтің рөлі, келіп түскен құжаттарыдың сақталу ережелері, олардың өңдеуі және сақтауы, мемлекеттік мұрағатының жұмыс істеу мақсаты мен міндеттері туралы, Қазақстан архивінің құрылу тарихы, Зырян қаласының архивінің бастауынан бастап заманауи үлгідегі ғимаратқа дейін құрылу тарихымен танысты, сонымен қатар балаларға заманауи мұрағаттың ішкі өмірі көрсетілді: сұраулардың қалай қабылданып және өңделетіні, электрондық поштаның қалай жұмыс істейтіні, мұрағатшылардың және өзге де қызметкерлердің немен айналысатыны және тағы басқалар туралы айтылды.
Дәріс-экскурсияларына қатысушылар үлкен қызығушылықпен әр-түрлі сұрақтар қойып, тұжырымды жауаптар алды.
Жүргізілген сұхббаттан кейін, оқушылар өткен мен қазіргі заман арасындағы айырмашылықты түсіне және сезіне алды.