Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

ҚР Президентінің жолдауын Н.С.Сабильянов депутатымен талқылау

2017 жылдың 2-3 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нуртай Салихұлы Сабильянов Аягөз ауданының Мынбұлақ, Ақшәулі, Қарағаш ауылдық округтері және Аягөз қаласының тұрғындарымен және ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Аягөз филиалының қызметкерлерімен кездесіп, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының басымдылықтары мен еліміз үшін аса маңызды Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу бойынша үндеуін талқылады.

Жолдау – еліміздің мақсат – мүддесін көздеген, болашаққа міндетті айқындап берген маңызды бағдар. Жолдауда көп мәселелер қозғалған. Әсіресе, халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жастарға кәсіптік – техникалық білім алуға мүмкіндіктер туғызу жолдары Жолдауын маңызын арттыра түскен. Жолдаудағы айқын бағдарламалар Қазақстан халқының қамын жан – жақты қорғауға, қолдауға бағытталған.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru