Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Шығыс Қазақстан облысы архивтерінің қызметкерлеріне арналған семинар

2017 жылғы 28-29 қарашада Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архиві» ҚММ-де «Құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету. Жеке тектік құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізу» тақырыбы бойынша облыс архивтері мекемелерінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.  Семинарда мемлекеттік архивтің құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерімен құжаттарды фондқа бөлу, сақтау сұрақтары қарастырылды.  Құжаттарды, істерді реставрациялау бойынша практикалық оқыту өткізілді. Сонымен қатар, құжаттарды мемлекеттік есепке алу, әкімшілік деректерді жинақтауға арналған «Мемлекеттік архивтерінің негізгі бағыттары және қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері» есеп-нысанды толтыру бойынша сұрақтар қарастырылды, негізгі есепке алу құжаттарды толтыру бойынша практикалық оқыту өткзілді.

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің жұмысшыларымен «Құжаттарды есепке алу және топографиялық белгі» «Шығыс Қазақстан облысының электрондық архиві» автоматтандырылған басқару жүйесінің модульдерін толтыру туралы сұрақтар көрсетілді («ЭЛАР» ШҚО АБЖ). Құжаттардың ғылыми, анықтамалық аппараты, оларды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің қызметкерлерімен жеке тектік құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізу сұрақтары қарастырылды. 

Тыңдаушылар семинардың жұмысына жоғары баға берді, осы бағытта жұмысты жалғастыруды ұсынды, келесі семинарларда қарастырылуы қажет сұрақтарды көрсетіп мемлекеттік архивтің қызметкерлеріне табысты жұмыс тіледі. 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru