Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Алаш қозғалысына -100 жыл

Шығыс Қазақстан облыстық  А.С.Пушкин атындағы кітапханасында 2017 жылдың 20 қаңтар  «Алаш қозғалысына -100 жыл»  атты кездесу түріндегі деректі кітаптар экспозициясымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық мұрағаты ұсынған «Алаш туы аясында » атты фотоқұжаттық көрме көрермен назарына қойылған ғалымдардың ғылыми монографиялары мен мақалалары тың тарихи мәліметтермен, «Алаш» қайраткерлері өмірінің ашылмаған кезеңдерімен таныстырады.

Тарихшылардың 1917-1938 жж. оқиғаларына кеңінен түсініктеме беріп, қамтыған зерттеулері қазақ халқының 19 ғ.- 20 ғ. басындағы өмірін терең бейнелеген. Келген қонақтар  Шығыс  Қазақстан облыстық  мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының орынбасары Нұрмұханова Р.Қ., Өскемен қалалық әкімінің орынбасары Нүсіпова.., Шығыс Қазақстан облыстық мұрағатының директоры Т.Т.Түсіпбеков, т.б. шақырылған қаламыздың құрметті азаматтары, мектеп оқушылары мен студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер,өлке тарихын зерттеушілер, БАҚ өкілдері қатысты.Белгісіз фотографтың Алаш көшбасшыларын бейнелеген фотосуреттері де қатысушылар назарынан тыс қалған жоқ.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru