Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Сіздердің ерліктеріңіз мәңгілік есімізде

2016 жылы ШҚО мәдениет, архивтар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-сінің Жарма филиалына Семей облысы Жарма ауданы Жінішке ауылында 1919 жылы туған Ұлы Отан соғысының ардагері Абишев Мусабайдың жеке тектік құжаттары тапсырылды.

Соғыс басталғанда 20 жаста еді. Соғысқа жарамдылығы туралы анықтама 1942 жылы беріліп, сол жылы кетті. Кейіннен хат келді Харьков ұрысындамыз деп.

«1941-1945жж Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл», «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл», «КСРО Қарулы күштерінің 60 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталды.

Соғыстан 1946 жылы келді, кейінгі ғұмырын ауыл шаруашылығының өркендеуіне арнап шопандық қызметін атқарды. Соғыс және еңбек ардагері Абишев Мусабай неміс-фашист басқыншыларымен болған ұрыста көрсеткен батырлығы, табандылығы және ерлігі үшін және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл толуына орай КСРО Жоғарғы Совет Президиумының 1985 ж. 11 наурызында шыққан Жарлығымен «І-дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені берілген.

Ардагерлерге біз бүгінгі бейбіт өмірімізге мәнгі қарыздармыз...

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru