Мерекелік марапат
Тәуелсіздік мерекесінің 25 - жылдық мерейтойы қарсаңында аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Дін істері және Азаматтық қоғам істері комитетінің орынбасары Бауыржан Бағдатұлы Мусин қатысып, аудан халқын мерекемен құттықтап сөз сөйледі . Жиынға аудан әкімі Т.Ж.Қасымжанов, аудандық мәслихаттың жетекшісі Д.Н.Ыдырышевтар қатысып , айтулы мерекемен құттықтады. Жиын соңында Тәуелсіздік жылдары аудан экономикасына сүбелі үлес қосқан , еңбекте алда келе жатқан еңбек озаттары марапатталды. Зайсан архиві филиалының директоры Виктор Николаевич Козлов Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы. Жарлығы бойынша Козлов Виктор Николаевич «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Архивист Асем Сапарханқызы Сапарханова аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Мерекелік жиын Зайсан архиві қызметкерлерімен де өтіп, архив басшысы қызметкерлерді осы қастерлі мерекемен құттықтады . Өз атынан адал қызметтері үшін архивистер А.Ж.Дюсюпжанова, Н.О.Баяндинаға , түнгі күзетші Н.Ожықановқа, еден жуушылар С.Ақаева, М.Орловаларға мадақтамалар тапсырды. Ұжым мүшелеріне алғыс білдіріп, отбасыларына амандық тіледі. Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық болуын тілейміз!