Тәуелсіздіктің 25 жылдығына көрме дайындалды
Зайсан архиві филиалында Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тұрақты ілінетін «Тәуелсіздік ең қасиетті құндылық» атты фотоқұжат көрмесі дайындалып, қойылды. Көрмеге еліміз Тәуелсіздік алған жылдары салынып, жұмыс істеген , аудан халқын жұмыспен қамтыған екі үлкен «Зайсан - Құрылыс компаниясы»; «СМУ - ШЫҒЫС» басқармаларының өндірістік орындары онда шығарылып жатқан өнімдері ; 2013 жылы жер асты байлығымыз табиғи газ шығарылып, қала тұрғындарының үйлеріне, білім ордаларына газ пайдалануға беріліп, облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың көгілдір Алауды жағып жатқан сәтінен ; жаңадан салынған Мұрат Дәуленов атындағы мектеп-интернаты ; «Ертөстік» балабақшасы және Хафиза Мұстафина атындағы мектептің мектеп-лицей болып ашылу салтанаты ; Жабық жүзу бассейні ; Сарытерек ауылындағы балалар – сауықтыру лагері ; Зайсан ауданында Қытай Халық Республикасымен бірлескен шағын тракторлармен, газ өндіретін техникаларды дайындау өндіріс орталығы, Прокуратура мекемесі, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құрметіне қойылған «Даңқ» мемориал тақтасы ; «Рахат» , «Арай» қонақ үйлері ; «Тұлпар», «Сәлем» сауда орталықтарының ашылуы, «Абай» атындағы саябақ ; Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына қойылған ескерткіш; «Бәйтерек» алаңы ; «Мәңгілік ел» монументі; жазғы саябақтармен , балалар ойындары алаңдары және тағыда басқа ауданның Тәуелсіздік жылдарындағы өсіп-өркендеуі сипатталды.