Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Оралхан Бөкейдің руханият әлемі»

9-желтоқсанда Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орайластырылған Өскемен қаласы бойынша «25 жұлдызды күн» шарасы аясында «Оралхан Бөкейдің руханият әлемі» тақырыбында әдеби-шығармашылық конференциясы өтті.

 

Жерлесіміздің артында қалған үзік сырдай әдемі де сыршыл өлеңдерін жатқа оқудан сайысқа қала оқу орындарынан студент жастар мен оқушылар қатысты. Қонақ ретінде шақырылғандардың ішінде Шығыс Қазақстан мемлекеттік архиві өкілдері де қатысып қайтты. Сайыста ерекше жастарға тән құлшыныспен жігерлене  өлеңдерін оқыған сайыскерлерге арнайы сыйлықтар мен диплом табыс етілді.

Тәуелсіздікке қол жеткізген халықтың асыл перзенті, жазушы ағамыздың қаламымен қайрат көрсеткен еңбектерін елге насихаттап, жеткізу мақсаты болған кітапхана ұжымына алғыс айтып, жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысып отыру әрқайсымыздың ұлт алдындағы борышымыз екенін естен шығармасақ ертеңіміз бұлтсыз болары сөзсіз.   

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru