Кенбайыту фабрикасының шежіресі
2016 жылдың 29 қарашасынан бастап облыстық мемлекеттік архивінің Риддер филиалында «Кенбайыту фабрикасының тарихы» тақырыбында («Риддерский рабочий», «Лениногорская правда» газеттері) анықтамалық – ақпараттық қормен кенбайыту фабрикасының бұрынғы қызметкері, зейнеткер Ковешников Олег Иванович жұмыс жасауда. Зерттеушінің жоспары № 257 қордың «Лениногор кен-байыту фабрикасы» архивтік құжаттарын зерттеп, фабрика туралы шежіре шығару.
Зерттеуші ретінде Олег Иванович филиалымызда 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. О.И. Ковешников - «Лениногорский горно-металлургический техникум 1929-1997 годы. Летопись - в фактах, документах, воспоминаниях» («Издательский Дом «Наследие» ЖШС, 2014ж.), «Лениногорский лесной техникум. От лесной школы до РАТК 1948-2016гг. Летопись - в фактах, документах, воспоминаниях» (Типография «Восток – Печать», 2016ж.) кітаптарының авторы, бұл мәліметтер «Риддер агаррылы-техникалық колледжі» № 72, «Лениногор тау-металлургиялық техникумы» № 101 архивтік қорының құрамына енген.