Жайнай бер, Жарма!
1991 жылы 16 желтоқсан күні – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциалық заң қабылданды. Бұл дәуірлік оқиға –халқымыздың үмітінің орындалу нәтижесі.
Осы мерекеге байланысты Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-сінің Жарма филиалында «Георгиевка орта мектебі» КММ-сінің 8-сынып оқушылары арасында экскурсия жүргізілді.
Оқушылар назарына архив қызметкерлерімен жасалған фотокөрме ұсынылды. Көрмеде Жарма ауданының тәуелсіздік жылдары әлеуметтік, экономикалық және мәдени даму жолдары, сондай-ақ ауданымыздың Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері – Әди Шәріпов, Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Әзілхан Нұршайхов, ақын – Тұрсынхан Әбдірахманова, бірінші әйел-дирижер – Гүлжазира Ахметова, тұңғыш биология ғылымының докторы, академик – Найла Базанова, Қазақстанның Халық әртісі – Роза Рымбаева, Әлемге танымал продюсер – Бари Алибасов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Дәулет Тұрлыханов, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры – Мутанов Галимкаир Мутанұлы сынды атақты азаматтары туралы мағлұмат айтылды.