Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Тұңғыш президент күні

Ұлан ғайыр кең далада 120 ұлыстың берекесі мен бірлігі жарасып бейбітшілігі, достығы кең әлемге паш етіліп, жасампаздығы 25 жыл бойы жалғасып, 16 миллион адамы бір шаңырақ астында көркейіп келе жатқан отанымыз- Тәуелсіз Қазақстанның тағы бір тәу етіп алашқа жар салатын мейрамының бірі - Тұңғыш президент күні.

Осы мейрам қарсаңында Шығыс Қазақстан мемлекеттік мұрағатында «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылды.Көрмеге  мұрағат ұжымы мен Шығыс Қазақстан кәсіби дайындық және сервис колледжінің мұрағаттану және іс жүргізу факультетінің 1-2 курс студенттері қатысты. Мұрағат директоры Т.Т.Түсіпбеков қатысушыларды құттықтап, Президентіміздің біздің халқымыздың өмірінде алатын орнының маңыздылығын және Шығыс Қазақстан жұртшылығының бүгінгі жетістіктері Елбасының  жүргізіліп отырған саясатының дұрыстылығының арқасында екендігін, қолда барда алтынның қадірі жоқ демекші, болашағымыз үшін атқарып отырған баға жетпес еңбегін ұмытпай жас ұрпақ тәрбиесінде  жеткізіп отыруды қолға алуымыз керек,- деді.

Көрмені  ұйымдастыруға  жұмыла  атсалысқан  мұрағат ұжымы, соның ішінде  «Құжаттардың  ғылыми-анықтамалық аппараты, оларды  жариялау  және  ғылыми  пайдалану бөлімі» жетекшісі Т.В.Шустова көрмедегі маңызды құжаттады таныстырып өтті. Көрме соңында колледж студенттерін мұрағаттың бас қор сақтаушысы  А.Т.Баелова мұрағаттағы құнды құжаттардың, жалпы қордың қалай сақталып жатқандығымен таныстырып шықты. Болашақ мамандардың осы мамандыққа қатысты сұрақтарына жауап берді.

      

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru