Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Алаш туы аясында» көрмесімен

2016 жылдың қыркүйек айының 20-жұлдызында  Риддер қаласының орталық Мәдениет Сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, журналист, этнограф, аудармашы, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Алаш туы аясында» атты көрменің тұсаукесері  болып  өтті.

Көрменің ашылу салтанатында Риддер қаласының әкімінің орынбасары Харченко Сергей Александровичтен кейін сөз кезегін алған облыстық мемлекеттік мұрағат директоры Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекович көрменің құндылығы мен маңыздылығын айтып, Алаш қозғалысының қайраткерлерінің әрбіреуінің тағдыры - болашақ жас ұрпақ үшін терең тәрбие көзі дей келе, өз Отанын, Елін сүюдің үлгісі, аманаты екенін атап өтті. 

Осы шараға қатысушы қонақтар арасында Риддер қаласының білім бөлімінің бастығы Тұрсынбаев Оржан Оралбекович, мәдениет бөлімінің бастығы Нұрғалиев Азамат Болатович және мұғалімдер, оқушылар, БАҚ өкілдері  де болды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru