Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Халықаралық конференцияға қатысу

Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты 2016 жылдың  қыркүйек айының 7-9-ншы жұлдызында өткен  Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігі және «Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік мұрағаты» РММ  ұйымдастырған  Халықаралық конференцияға  және  «Мемлекеттік  мұрағаттардағы ғылыми –техникалық құжаттар» атты Республикалық семинарға қатысты.

Халықаралық конференция мен Республикалық семинардың ашылу салтанаты  Алматы қаласының  Халықтар достастығы үйінде өтті. Қатысушыларды Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Ахмедьяров Ғалым Алгиевич қарсы алды және қонақтар мен ұйымдастырушыларға  Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлы атынан алғыс хаттар, сыйлықтар табыс етті. Мәдениет және спорт Министрлігінің мұрағаттар Департаменті мен құжаттары басқарма жетекшісі Қарсақбаева Гульзира Елибаевна «Қазақстан мұрағаттарындағы ғылыми-техникалық құжаттар және оңтайландыру жолдары» баяндамасы тыңдалды.

 Келесі сөз кезегін алғандар:  Ресей мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттар мұрағатының жинақтау бөлімінің бастығы С.В. Тиханович, (Мәскеу), Белорусь мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттар мұрағатының директоры А.М. Запартыка, (Минск), Ресей мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттар мұрағатының филиал директоры, Ресей Федерациясының  мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкері И.Н. Давыдова, (Самара),  Ресей мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттар мұрағаты филиалының  ақпараттық қамсыздандыру және мұрағаттық құжаттарды жариялау бөлімінің бастығы, тарих ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясының әскер ғылымының академигі О.Н. Солдатова (Самара) болды.

Қазақстандағы іс-тәжірибе Орталық мемлекеттік мұрағат директоры Г.С.Сарсенованың, осы мұрағаттың маманы Б.В.Волчкованың, директорының орынбасары А.М. Исалованың, Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының мұрағаттық қызмет бөлімінің жетекшісінің және басқа конференция қатысушыларымен аталып өтілді.

Конференция аяқталғаннан кейін  екі күнде қонақтар  Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік мұрағаты қызметкерлері ұйымдастырған  семинарға катысты.

Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік мұрағаты бас қор сақтаушысы Г.Н.Заруцкая «Мемлекеттік мұрағаттардағы қор өткізіп жинақтаудың сметалық жоба құжаттарының ғылыми ұйымдастырылуы және өңделуі » атты, Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік мұрағатының « құжаттардың сақталуын қамтамассыз етілуі және  мемлекеттік есебі, құжаттардың ғылыми –анықтамалық аппараты» бөлімінің жетекшісі В.Е.Печерских «Мемлекеттік мұрағаттардағы қор өткізіп жинақтаудың патенттік құжаттары және өңделуі» атты шеберлік  кластарын өткізді.

Семинар қатысушылары Алматы қаласындағы  Орталық мемлекеттік мұрағатпен танысты.Оларды мұрағат директоры А.К.Ботанов  қарсы алып, бөлімдерімен таныстырды.

Семинар қонақтары  «КАZGOR» Жоба академиясында болып, «Ғылыми-техникалық құжаттарды электронды жүйеде мұрағаттау» атты шеберлік кластарына қатысты.

Соңғы күн  В.Г.Фисенкова атындағы астрофизикалык институттағы экскурсиямен аяқталды.

Конференцияға 115 маман қатысты. Соның ішінде 55 маман Астана, Алматы қалаларынан, Қазақстанымыздың 13 облысынан келді.

Семинар аяғында сертификаттар тапсырылды.

Қатысушылар тарапынан  осындай басқосулар мен тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru