Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Алаштың ержүрек ұланы!» атты көрменің тұсаукесері«Алаштың ержүрек ұланы!» атты көрменің тұсаукесері

2016-жылдың  қыркүйек айының 15-ші жұлдызында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет этнографиялық және табиғи ландшафттық мұражай-қорығы  мен Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағат ұжымы бірігіп ұйымдастырған  Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына, Кайым Мұхаметхановтың туғанына 100 жыл толуына, Тәуелсіздігіміздің 25жылдығына арналған«Алаштың  ержүрек ұланы» көрмесі көрермен қауымға ұсынылды.

Көрмеге шашу ретінде Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнінің қобызда орындалуы өте әсерлі шықты.

 

Салтанатты түрде сөз алған мұрағат директоры Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекович жиналған қауымға Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына, Әлейхан Бөкейхановтың 150 жылдығынҚайым Мұхаметхановтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізіліп отырған осы көрменің мәні тереңде, ұсынылған әрбір деректің, қойылған құнды жәдігерлердің үңілген адамға көп сырды үнсіз ұқтырып тұрғандай әсер қалтыратынын, болашақ ұрпақтың санасына өткенімізсіз болашақтың болмайтындығын түсіндіру үшін осындай тағылымды шаралардың мүмкіндігінше   көптеп ұйымдастырылуын қолдайтынын айтып өтті.

Мұражай қызметкерлеріне алғысын білдіріп, осы шаралар өз жалғастығын табатындығына сенім білдірді. Мұражай директорының көрме жұмыстары жөніндегі орынбасары Быкова Тамара Николаевна өз сөз кезегінде мұражай атынан мұрағат ұжымына, мұрағат директоры Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбековичке бірлескен шара үшін, қойылған «Алаш туы аясында» көрмесі үшін алғысын білдіріп тұсаукесер лентасын қиюды ұсынды. Тартымды да жарық мұражай көрмезалдарына  қойылған абайтанушы, шәкәрімтанушы, ақын, драматург, аудармашы, ұстаз Қайым Мұхаметхановтың  кітаптары, аудармалары, тұтынған заттары, шапаны да жадігерлердің құндылығын арттырып тұрғандай.

Қонақтар арасында БАҚ өкілдері де болды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru