Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Қала күні» аталып өтті

9 қыркүйек 2016 жылы Зайсан қаласының орталық алаңында «Қала күні» аталып өтті. Осы мерекеге орай және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесіне арналған «Гүл жарысы» өтті,  аудандағы мекеме-кәсіпорындар-мен, мектептер ұжымы Орталық алаңға жиналып , неше түрлі гүлдермен әсемделген табиғатымыздың көріністерін, тәуелсіздігімізді суреттеп- көркемдеген макеттермен, букеттер дайындалып,  қойылды. Аудан әкімі Т.Қасымжанов, қала әкімі Д.Тожыбаевтар жұртшылықты құттықтап, қаламыздың қарт тұрғыны Нағима Нұрсолтановаға сыйлық тапсырды және осы күні отау құрып жатқан жастарға «Неке куәлігін» тапсырды. Бұл мерекеге қаладағы балабақша бүлдіршіндері концерттік бағдарламалар көрсетті, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.

Гүл жарысына қатысқан барлық ұжымдарға орындар беріліп, сыйлықтар тапсырылды. «Қаланың көркеюіне, гүлденуіне ат салысқан мұрағат ұжымына» қала әкімініің атынан «Мадақтамамен» мадақталып,  ақшалай сыйлық  берілді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru