ҚР Ата Заңы күніне арналған фотоқұжаттық көрме
Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының құжаттары мен фотосүреттері бойынша Ата Заңы күніне арналған «Ата Заң кемел келешектің кепілі» атты көрме әзірленді. Көрмеде Ата Заңның ең маңызды баптары көрсетілді, олар білім саласы туралы, медицина саласы, дін, тұрғын үй жағдайы, қоршаған ортаны қорғау туралы. Көрмеде 1991 – 2010 жылдар арасындағы фотосуреттер мен құжаттар екі тілде көрсетілген: Қазақстан Республикасы Президентінің «1995 жылы 30-шы тамызда бүкілхалықтық референдум туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің Ата «Қазақстан Республикасының Ата Заңы туралы», Қазақ Кеңес социалистік республикасы Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» жарлықтар. Туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, ән ұранымен айбынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері – Туы, Елтаңбасы, және Әнұраны көрмеге қойылды.
Көрмені Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатында көруге болады Головков көшесі, 26/1.