Астана біздің мақтанышымыз!
Зайсан мемлекеттік мұрағатының филиалында Елордамыздың 18-ші туған күніне орай фото-көрме дайындалып, қойылды. Көрмеге бас қаламыздың күннен-күнге дамып, өркендеп келе жатқанын қаншама сәулетті құрылыстар: үкіметтік, мәдени, спорттық кешендер, тұрғын үйлер, « Нұр Астана» мешіті, «Бейбітшілік пен келісім» сарайы, Хан-Шатырдың тағыда көптеген архитектуралық құрылыс нышандарының сұлулығына көз тоймайтын суреттері қойылды.
Мекеме басшысы Виктор Николаевич Козлов Астана күніне байланысты, ұжым мүшелерін құттықтап, Астана тарихы жайлы айтып өтті. Астана-Елбасының төл баласындай желкілдеп, көркейіп келе жатыр. Астана- барлық арманмен мақсаттардың орындалар жері.