Туған күніңмен Астана!
2016 жылдың 4 шілдесінде Шығывс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында Астана Күніне арналған салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынды Мемлекеттік мұрағатының директоры Т.Т. Түсіпбекұлы құттықтау сөзбен ашып, қызметкерлерге еңбектеріңе табыс тіледі. Тастақ жерде ешбір өсімдік тамыр жая алмайтыны тәрізді, тақыр жерден де ешқашан тарих жасауға болмайды. Қай дәуірде де тарихтың іргетасы - халық болып жұмылған қажырлы еңбектің арқасында ғана қаланып келгені өздеріңізге мәлім. Сондықтан да жалаңаш жер - бұл әлі елдің байлығы емес. Ол жер қойнауынан әлі өндірілмеген нәрсе секілді. Жер бетінде тұрғызылған нәрселер ғана елдің активі болып табылады. Олай болса біз өз Отанымызды орасан зор тұтас бір қалаға байыттық. Бүгінде Астана - бұл Қазақстанның жаңа тарихы жинақталған орын. Астананың мысалы арқылы біздің бүкіл мемлекетіміздің дамуы туралы пікір түюге болады деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқан еді.
Астана қаласының негізі 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекііністен бастау алады. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы қала мәртебесі берілді. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды.
Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырайды. 1960 жылы 26 желтоқсанда тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қала атауы Целиноград болып өзгертілді. 1997 жыл 20 қазанда Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып аталды және Елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10 шілде де Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананың тұсауы кесілді. Бүгінде жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтіледі.
Облыстың мемлекеттік мұрағатының директоры Т.Т. Түсіпбекұлы алда келе жатқан мейрамдармен құттықтап, барлықтарына Астана күні мерекесінде шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тіледі.