Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Хабарландыру

2016 жылдың қараша айының 25 сағат 11-00де Шығыс Қазақстан облысы  Мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы аясында» атты іс-шара өткізеді, онда «Шығыс Қазақстан: бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы 1991-2016» фотоқұжаттық көрмесі ұсынылады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Алғаш рет Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықпен танылған заңды түрде ресімделген тәуелсіздік мемлекет мәртебесіне ие болды. 25 жыл ішіндегі егеменді даму жолында Қазақстан әлемнің 50 дамыған ел қатарына кірді.

Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған іс-шараның мақсаты, Шығыс Қазақстанның 1991-2016 жылдар ішінде жеткен жетістік пен табыстарды көрсету, елге деген, туған жерге деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру, жас ұрпақта патриотизм тәрбиелеу.

Аталмыш іс-шарада қатысуға ғылыми-зерттеу және қоғамдық ұйымдардың , кітапханалардың, мұражайлардың қызметкерелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, тарихшылар, өлкетанушылар, әдебиетшілер шақырылады.

Өскемен қаласы, Головков к-сі, 26/1, тел. 8 (7232) 255976, arhiv_ukg@rambler.ru

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru