Семинар
2016 жылдың 13 маусым айында ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Аягөз филиалының қызметкерлері Магрушева Күмісхан және Байсеитова Альмира Аягөз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне құжаттарды дұрыс қабылдау жөнінде оқу семинарын жүргізді.
Семинарда Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторлары қатысып, өздеріне керекті ақпараттарды меңгерді. Семинар сұрақ – жауап стилінде өтті. Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторлары әртүрлі сұрақтар қойды, бізде барынша толық жауап қайтаруға тырыстық. Семинар соңында бір – біріміздің жұмысымызды ауырлатпау үшін өтініш жазушылардан нақты мәліметті қабылдауды ұйғардық.