Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

ҚР Президентінің Архивінің директормен кездесу

Маусымның 10-ы күні Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  басқармасының  Мемлекеттік  мұрағатында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті мұрағатының директоры Джапаров Борис Аликеновичпен кездесу болып өтті.

Кездесуде мұрағат директоры Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекұлы мұрағат ұжымына келген қонақты таныстырып өтіп, сөз кезегін ұсынды. Джапаров Б.А. мырза  кездесуге қуанышты екенін, бір терінің пұшпағын илеп жүрген әріптестермен жүздесіп әрқашанда мұрағат саласындағы жаңалықтар мен ерекшеліктер, болып жатқан техникалык дамудағы өзгерістерді  және де іс-тәжірибемен алмасудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыс барысында қылаң беріп қалатын  осы саладағы бірқатар қиыншылықтар мен кемшіліктерді жою үшін бірлесе отырып амалдарын іздестіруді ұсынды.

Ұжым тарапынан сөз алған директордың орынбасары Костина Е.В. мұрағатымызда болып жатқан іс- шаралармен, жұмыс барысының мәселелі тұстарын айтып шықты. Филиал директоры Ихсанова С.К.және бөлім меңгерушілері Лебедева Л.М.,Баелова А.Т. өзекті қиыншылығы  кейбір мәселелердің Президент мұрағатында қалай  өз шешімдерін тауып жатқанын сұрады. Қойылған сұрақтарға аса ықыласпен жауап берген Джапаров Б.А. мырза  мамандардың білімдерін жетілдіру курстарын ұйымдастыруға шақырды және қызметкерлердің  әлеуметтік жағдайларына да салыстырмалы түрде тоқталды. Кездесу  әріптестік түсіністік түрінде әсерлі өтті.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru