Мемлекеттік рәміздер Күнін атап өту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының рәміздері Күнін атап өту Ережелеріне сәйкес, Жарма филиалында 2 маусым күні салтанатты жиналыс өтті. Жиналыс барысында филиал директоры қызметшілерді мейраммен құттықтады.
Мұрағатшы Тажиева Асель өзінің баяндамасында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы және азаматтардың жауапкершілігі туралы айтып берді.
Сонымен қатар, филиал директоры Рахимов Б.А. Қалбатау ауылының орталығында өткен «Мәңгілік Елдің қасиетті рәміздері» атты аудандық іс шараға қатысты.