Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Террористік акті қауіп төнген жағдайда жеке құраммен өткізілетін сабақтар жоспары бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2015 жылдың 03 сәуірінде № 191 террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптары бекітілді. Осы талаптарға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ жеке құрамы бойынша Өскемен филиалының ғимараты террорлық қатынастағы 4 санатқа кіргізілді.

-

2016 жылдың 12 мамыр күні Өскемен филиалының директоры Сауле Кинаятовна Иксанова объектіге террористік акті қауіп төнген жағдайда немесе өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттер жайында жеке құраммен өткізілетін сабақтар жоспарын бекітті. Осы бекітілген сабақтар жоспарына сәйкес 2016 жылдың 17 және 27 мамыр күндері Өскемен филиалының директоры С.К.Иксанова және ғылыми ақпаратты аппарат, құжаттарды мемлекеттік есепке алу, сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Ю.И.Булина филиал қызметкерлерімен дәрістер өткізді: «Объектіні террористік қауіп-қатерден алдын алу жайлы түсініктер және олардың пайда болу себептері мен шарттары. Террористік қатынасқа осал объектілерді антитерроризмнен қорғау жүйесінің талаптарымен танысу», «Террорлық актіні дайындау және жүзеге асырудың негізгі белгілері, объектіні антитерроризмнен қорғау жүйесінің тиімділігін бағалау».

-

Аталып өткен дәрістерде террористік қатынасқа осал болып келетін 4 санаттағы объектілерге қолданылатын талаптар, террорлық актінің жүзеге асыру және негізгі дайындау белгілері,негізгі түсініктер мен терминдер терең қарастырылды.

-

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru