Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

ХҚКО қызметкерлерін оқыту

2016 жылдың 27 мамыры күні Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ жеке құрам бойынша Өскемен филиалының қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтар үшін үкімет» мемелекеттік корпорациясының (ХҚКО) № 2 филиалының екі ауысым бойынша жұмыс істейтін қызметкерлеріне «Мемлекеттік мұрағаттарға өтініштер қабылдау ережелері» тақырыбы бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. 2016 жылдың 27 қаңтарында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «Мұрағаттық анықтама беру» Стандартында болған өзгертулер қарастырылды. 

-

Оқу барысында өтініштер мен қажетті құжаттардың көшірмелерін қабылдау ережелері, егер көрсетілетін қызметті алушы азамат ауданда жұмыс істеген болса, Шығыс Қазақстан облысы бойынша аудандық мұрағаттарға жүгінуге ұсыныс беру және мемелекеттік архив пен мемелекеттік корпорацияның тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуі жайында сұрақтар талқыланды.

-

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru