Мемлекеттік рәміздер күні
2016 жылдың 2 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер Күнін мерекелеу Ережелеріне сәйкес, Зырян филиалында ұлттық және патриоттық, қазақстандық азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған салтанатты жиналыс өткізілді. Ұжымды мұрағат директоры Сабырбек Кәкенұлы Сейлханов құттықтап, сөз сөйледі.
Мұрағатшы Екатерина Геннадьевна Медведева өзінің баяндамасында «Қазақстандық бірегейлік пен бірлігін дамыту және нығайту тұжырымдамасының» мақсаты мен міндеті жөнінде айтып өтті.
Салтанатты жиналыс басында және соңында барлық қызметкерлермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау және қолдану, сонымен қатар орындалу шаралары қазақстандық патриотизм мен азаматтығын қалыптастыруда кешенді ықпал етеді.