Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Тарихтың ізімен»

Мамыр айының  31күні  Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында  «Тарихтың ізімен » атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел бағдарламасын Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  басқармасының  Мемлекеттік  мұрағаты ұйымдастырған фотоқұжаттық көрме  «Мұрағат құжаттары дәлелдейді» деген атпен ашып, көпшілікке кеңінен таныстырылып, жиналған жұртшылықтың  қызығушылығын оятты.

Қонақтар дөңгелек үстел басына шақырылып Шығыс Қазақстан облысы, мұрағаттар және құжаттама  басқармасының  директоры Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекұлының жан тебірентер нақты мәліметтер келтіре оқыған «ШҚО бойынша қуғын-сүргінге ұшырағандар» атты баяндамасын ыстық ықыласпен тыңдады. Тарих ғылымдарының докторы, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Қазақстан тарихы және құқық » кафедрасының доценті Панковская Галина Ивановнаның  «Сталиндік қуғын –сүргін жылдардағы «Бақытты балалық» атты баяндамасы ерекше әсерге бөледі. Осыдан кейінгі баяндаманы «Жазықсыз жазаланғандардың  тағдыры» деген атпен облыстық тарихи өлкетану мұражайының тарихшы маманы Бакбаева Альфия Нурланқызы жалғастырды. «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Шумахер Евгений Викторовичтің «Поволжия немістерінің жер аударылуларына 75 жыл» атты баяндамасын өз өмір жолымен байланыстыра отырып қызықты етіп әңгімелеп өтті.

Қызу талқылаудан кейін  келген қонақтарды «Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайын» тамашалау күтіп тұрды.

Ұйымдастырушылар атынан қатысушыларға «Алғыс хаттар» табыс етілді. Қонақтар арасында ШҚО этномәдени бірлестік өкілдері, ШҚО ҚХА ғылыми –тәжірибелік тобы, ШҚО мемлекеттік мұражайы, ШҚО өлкетану мұражайы және БАҚ өкілдері болды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru