9 мамыр
Мемлекеттік мұрағаттың Жарма филиалының қызметкерлері Отан қорғаушылар күні және Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған, 9 мамыр күні орталық алаңда ескерткішке гүл шоқтарын қою, мерекелік шеруге қатысты. Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар аясында «Қорғап өтем елімді» атты патриоттық ән байқауы, ат спорт түрлерінен аудандық спартакиада, ерлер арасында футболдан аудан біріншілігі өткізілді.
9 мамыр күні орталық алаңда өткен салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасарлары Брынзов С.М. және Ибраев А.М., ардагерлер кеңесінің төрағасы Есполов Н.О. аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Салтанатты жиын мерекелік концертпен, «Шабыт» ән байқауының қорытынды бөлімімен жалғасты.