«Күш салып бұл күнді жақындаттық» көрменің тұсаукесері
2016 жылдың 5 мамырында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында «Күш салып бұл күнді жақындаттық» атты фотоқұжаттық көрменің тұсаукесері өтті. Көрме бірнеше бөлімдерден құралған: 1 – мобилизация, 2 – эвакуация, 3 – тыл-майданға, 4 – Шығыс Қазақстанның Кеңес Одағының батырлары мен Даңқ орденінің толық кавалерлері, содан кейінгі стенд Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және ақырғы стенд соғыстың аяқталуына және жеңіске арналған.
1941 жылдың 23 маусымында Өскемен қаласында жалпы қалалық митингі өтіп, бірінші күннен бастап-ақ майданға өз еркімен аттанған жас балалардың өтініштері қабылданғаны көрмеде қойылған құжаттар мәлімдейді. Сонымен қатар, бірқатар құжаттарШығыс Қазақстанның экономикасын әскери мәнеріне қайта құрылуы туралы, өлкенің экономикалық құрылымын қайта бағдарлауда партиялық ұйымдардың рөлі де көрсетілген. Соғыс жылдарында Шығыс қазақстанда түсті металлдардың өндірісі 2,5 есе өсті. Лениногорск (Риддер) қорғасын зауытында соғыстың аяғында металлдарды қорыту екі есе өсті, Ертіс мыс қорыту зауытында үш есе. 1941 жылы 6 желтоқсанға Шығыс Қазақстан 28 850 мың көшірілген адамдар қабылдады. Стендтердің біреуі көшірілген халықтарды қабылдап оларды орналастыру тарихына арналған. Шығыс Қазақстаннан бейресми мәліметтер бойынша 182 000 мың адам әскер қатарына шақырылды, олардың 96 000 мың адамы қаза тауып, ізсіз жоғалып кетті.