«Татулық-достықтың киелі бесігі» атты фестиваль
1 мамыр күні Қалбатау ауылындағы орталық алаңда өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты фестиваліне «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Жарма филиалының қызметкерлері де белсене қатысты.
Мереке барысында қолөнер, кітап, ұлттық киімдерін, тағамдарының көрмелері, асфальтқа сурет салу сайысы, спорттық ойындар өткізілді. Мереке әрі қарай «Би әлемі» аудандық байқауының қорытынды бөлімімен жалғасты.