Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

ҰОС ардагерлерімен сұхбат

Жеңіс Күнін тойлату аясында, 2016 жылы 28 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының қызметкерелері Ұлы Отан соғысының ардагері, Байдельдинов Алдажар мен тыл еңбеккері Байдельдинова Гүлбағдаттың үйіне барып сұхбат алды.

Сұхбат барысында, Байдельдинов Алдажар өзінің әскери өмірін әңгімелеп берді. Өз әңгімесін әскерге шақырылған күндерінен бастады, қатысқан шайқастар, жауынгерлік еңбектері туралы, аяғында көп күткен жеңісті қарсы алған сәтті кезеңін көз жасына алды. Байдельдинов Алдажардың жұбайы да, Байдельдинова Гүлбағдат сұхбат берді. Ол кісінің сөздерінен соғыс жылдары өмірдің ең ауыр кезеңдерін өткенін көз алдына елестеттік. 12 жастағы қыз бала ересектермен қатар тылда жұмыс істеп, майданға көмек беріп, жеңіс үшін бәрін жасаған.

Мемлекеттік мұрағатының қызметкерелері соғыстың куәгерлері, қатысушылары, жеңіс үшін зор үлес қосқан ардагерлерімен фототүсірілімдер жасады.

Ұлы Отан соғысының ардагері облыстық мұрағатына мемлекеттік сақтауға аса құнды жеке, әскери, отбасы фотосүреттерін тапсырды. Сонымен қатар, әскери жылдары туралы ескеалулар жазылып берілді.

Сұхбат аяғында, Байдельдинов Алдажар мен оның жұбайы қазіргі жастарға және болашақ ұрпаққа ашық аспан, соғысты көрмей бейбітшілік өмір сүріп, өз елінің беделді азаматы болуына тілек білдірді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru