А.С. Пушкин ат. облыстық кітапхананың мерейтойы
2016 жылдың 20 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты А.С. Пушкин ат. Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының 120-жылдығына арналған салтанатты жиында қатысты. Қазіргі таңда, А.С.Пушкин ат. кітапхана тек облыс бойынша ғана емес, сондай-ақ бүкіл еліміздің кітапхана саласында көшбасшыларының бірі болып саналады.
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары, Ж.М. Омар, ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының м.а., Р.К. Нұрмуханова, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, белгілі жазушы Әлібек Асқаров, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, Ирина Смит, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі, Норимас Шимомура, Қазақстандағы АҚШ елшісінің орынбасары, Джон Марк Поммершайм мырза, Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясының Бас елшісі, Сергей Анненков, жазушылар, кітапхана серіктестері мен демеушілері құттықтау сөздерін айтып ықылас тілектерін білдірді.
А.С. Пушкин ат. кітапханасының ардагерлеріне алғыс сөздері айтылды.
Кітапхана қызметкерлеріне «Кітапхана ісінің үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері», «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» төс белгілері мен грамоталар табысталды.
Қонақтардың назарларына кітапхана мерйтойын арнайы жасалған фильм және заманауи қызметтері мен мүмкіндіктері туралы бейнекөріністер көрсетілді. Салтанатты іс-шараға шақырылған қонақтар көп деген құттықтау сөздерін және ізгі тілектерін білдірді.