Тұсаукесер өтті
Глубокий ауданының әкімі, К.Б. Байгосуновтың және аудандық мұрағатының директоры, С.Н. Рахметовтың өтініші бойынша 2016 жылдың 15 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының 25-жылдығына және қазақ қоғамының көрнекті қайраткері, «Алаш» партиясының көшбасшыларының бірі, Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдығына арналған Глубокий ауданының тұрғындарына «Алаш туы аясында» атты фотоқұжаттық көрменің тұсаукесерін өткізді.
Тұсаукесерінен кейін көрме бойынша эксукрсия жүргізілді.