Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зырянда жазушы Егоровтың 90 жылдығын атап өтті

2016 жылғы 12 сәуірде Зырянда қала жұртшылығы Шығыс Қазақстан облысының белгілі жазушысы,ақын,тілші Егоров Александр Ивановичтың 90 жылдық мерейтойын кең түрде атап өтті.Мемлекеттік мұрағатпен мүдделі мәдениет және білім беру мекемелеріне алдағы мерейтой туралы ақпараттық хаттар алдын ала жіберілген.

«Горняк» мәдениет орталығының кең залында біздің жерлесіміздің шығармашылығын қадірлеушілер жиналды.Оның отаны-Зырян ауданының Кутиха ауылы.

Александр Иванович Егоровтың өмірбаянымен және оның шығармашылығымен зыряндықтар естіп-білуімен ғана таныс емес,ол туралы газеттер жазған, жергілікті теледидар үнемі көрсетіп тұрды.Оның туған өлкесі туралы шығармаларын көптеген оқырмандар жақсы көргендіктен зал толы болды.

Александр Ивановичты мерейтойымен ауданның және қаланың басшылары,кітапханашылар,мәдениет қызметкерлері құттықтады.Жергілікті әншілер тілек сөздерді әнмен айтты,оның құрметіне өлеңдер оқып,гүлдер сыйлап,онымен суретке түсті.

Шығыс Қазақстанның белгілі жазушысы,Ұлы Отан соғысына қатысушымен Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты 10 жыл бұрын,оның 80 жылдығында тығыз қызмет ете бастады. 2006 жылы мұрағатшылар Зырян ауаткомның бұрынғы хатшысы Лидия Алексеевна Мозговаямен және оның бұрынғы досы Александр Иванович Егоровпен шығармашылық кездесу өткізді.Жан тәнімен өз өлкесін сүйетін, екі егде сексен жастағы белсенді адамдар зейнеткерге тиісті үйде демалудың орнына,Зырян мұрағатының мұрағатшысы Сауле Имамадиевна Тлеубергеневаның көмегімен өз бастамалары бойынша Зырян ауданының оқу мекемелерінде оқушылармен және студенттермен кездесулер ұйымдастыра бастады. Александр Иванович және Лидия Алексеевна біздің өлкеміздің тарихы туралы,осында тұрған адамдары,соғыс жылдарында халық жеңген қиыншылықтар туралы,кеңес адамдарының отаншылдығы жайлы айтып, Зырян ауданының барлық мектептерінде болды.Жас тыңдаушылар зор қызығушылықпен Александр Ивановичты тыңдады.Александр Иванович тек жазушы,ақын ғана емес,талантты әртіс.Тек әңгімелей алатын ғана емес,сондай-ақ шындықта болған сияқты бейнелей алатын осындай адамды өз көзімен көру жастарға болып көрмеген оқиға болғандықтан, оны кез келген дәрісханада дем шығармай тыңдаған! Соңғы 10 жылда Александр Иванович жастармен 3 мыңнан аса кездесулер өткізді!Тек біздің ауданда ғана емес,бүкіл облыс бойынша.Бұл кездесулердің маңызын бағалау мүмкін емес.Александр Иванович өз өнегесінде жастарды қиыншылықтардан қорықпауға,барлық кедергілерден тайсалмай өтуге үйретті. Отанына,туған өлкесіне деген зор махаббат,оның тағдырына деген жауапкершілік –бұл осындай бірегей адаммен кездескенде үйрететін қасиеттер.

Өзінің шығармашылығына педагогтар мен оқушылардың, аудан башылығының тарапынан үлкен қызығушылықтарын байқаған Александр Иванович жерлестерінің қолдауымен қанаттанып, Зырян жерінде өнер фестивалін жасау идеясы туындауына ұйытқы болды. Бұл идеяны  облыстық және аудандық мәдениет бөлімдері, Зырян қаласының әкімдігі қолдады. Ал келесі жылдары Нұр Отан партиясы филиалы өз қолдауын көрсетті.

2008 жылдан бастап Зырян ауданында  халықаралық «Золотой Тургусун» өнер фестивалі өткізіліп келеді.  Ұйымдастырушысы және идеялық дем берушісі  Александр Иванович Егоров. Осындай ауқымды халықаралық өнер фестивалінің пайда болуы  біздің  ауданның өнер кеңістігінде шығармашылықтың әртүрлі салаларын өзіне  біріктіреді.  Бұл біз үшін мақтан тұтатын маңызды оқиға болды.

Өз күштеріне сенім берген, осы фестиваль көптеген шығармашылық адамдар үшін бастапқы алаңға айналды. БАҚ-да атайтындай бұл жай  бард фестивалі емес, бұл  музыканттар да, әр түрлі жанрдағы әншілер де, ақындар, суретшілер, фотографтар, қолданбалы өнер шеберлері де  өз шығармашылығын көрсете алатын  көпқырлы фестиваль. Сегіз жыл қатарынан фестивальдің өткізіліп келуіне Александр Иванович Егоровқа мыңдаған адамдар риза. Александр Иванович  Егоровқа мәдени мұраны насихаттау үшін, аудандық мұрағат тарихына лайықты үлес қосқаны үшін мемлекеттік   сақтауға  құжаттары  жиналды.

А.И. Егоровтың  құжаттары мектеп оқушылары, студенттер, тарихшылар, Зырян қаласынның тарихын зерттеуге  және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары туралы мәліметтер алуға зеріттеушілер үшін тарихи құнды.

Александр  Иванович, біз сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта сәттілік тілейміз және сіздің Зырян халқы үшін өте қажетті шығармашылығыңыздың әрқашан жанкүйері болып қалмақпыз дегіміз келеді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru