«Жеңімпаздар» форумы өтті
Наурыз айының 21-і ҚР Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттың кезекті сайлауының қорытындысы бойынша «Жеңімпаздар» форумы өтті.Өткен сайлау қорытындысы – бұл заңды нәтиже. Біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ бастық. Бұл тәуелсіздікті нығайту жолындағы Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету!
Мәжілістің кезектен тыс сайлауы және өңірлік мәслихаттардың кезекті сайлауы бірге өтуі уакытты да, қаржыны да үнемдеді. Бұл – экономиканың, әлеуметтік саланың қарқынды дамуы, жалпы халықтың әл-ауқатының артуы.Форумға аудан жастары, халық қалаулылары, дәрігерлер, ұстаздар, теміржолшылар және ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Аягөз филиалының қызметкерлері:А.Байсеитова, Қ.Чуенбекова, С.Оразалинов қатысты.