Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Наурыз

Ұлыстың  ұлы  күні  Наурыз  мерекесі –ақ  түйенің  қарны жарылған,  табиғат –ана  да жаңаша құлпырып, адамдар жаңа өмірдің, жаңа  күннің  шуағына  тоймай, жақсылықпен, мол ырыс –берекенің  бастауына кенеліп, шат-шадыман  көңілдерден  ақ  тілектер  мен  қауышу сезімі  жанды жылытатын,  ерекше  күйге бөлейтін  дәстүр, халқымыздың  төл  мерекесі.

Осынау мерекені  Шығыс Қазақстан облыстық  Мемлекеттік  мұрағаты да  өз дәрежесінде атап  өтті. Мерекелік шараға  мұрағат ұжымы  ыждағатты дайындықпен келіп, жақсы деңгейде өтуіне  ат салысты. Наурыз мерекесін  мұрағат  ұжымымен  облысымыздың  қадірлі де бетке ұстар азаматтары, ағаларымыз, қадірлі қонақтар: Амангельды Кажыбаев, Совет Капанович,т.б. белгілі тұлғалар  бөлісті. Олар  өздерінің  ақжарқын  ақ тілектерін білдірді. 

Мұрағат директоры Т.Т.Тусипбеков  сөзінде  ұжымды  келген  Ұлыстың Ұлы күнімен  құттықтап, осы мерекенің  мәні  тереңде жатқанын айтып  өтті.  Тарихымыз бен бүгінгіміз, болашағымызға  деген даңғыл жолдың мұрағаттық  құнды   деректерден  басталатынын, ұжымның осы тараптан атқарып жатқан қызметінің   өнімділігі  үшін  жұмыла  күш  салуды, төртеу  түгел  болса  шешілмейтін түйін  жоқ дей  келе  жаңа  мешін  жылында  береке-бірлік  пен табыс тілеп  ізгі ниетін білдірді.  Үлкен  дастархан  жайылып, бата берілді.         

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru