Наурыз тойы тойланды
Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі үлкен дайындықпен Зайсан қаласында тойланып өтті.
Мереке тойланып жатқан алаңда қаладағы мекеме-кәсіпорындар ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, көже дайындалып, жұртшылыққа таратылды. Наурыз мерекесін қарсы алуға келген қала, аудан жұртының саны өте көп болды.
Ауа райы да жарқырап келген қонақтардың көңіл- күйлерін көтерді. Мерекеде көптеген театрландырылған қойылымдар қойылып, ән шырқалып, би биленді. Ұлттық тағамдар әзірленді.
Спорттық жарыстар өткізіліп, жиналған халық бір-бірлерін құттықтап, өткенге салауат айтып, келесі Наурыз мерекесіне аман жетулеріне ниет білдірісіп, тарқасты.