Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

2016 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында ағымды жылға жоспарланған іс-шараларды дайындап өткізу бойынша мұрағат қызметкерлерінің жалпы жиналысы өтті.

Онда, 2016 жылы құжаттарды пайдалану саласында мемлекеттік мұрағатының негізгі бағыты Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылатындығы белгіленді. Осы ірі уақиғаға «Алаш жол басы», «Шығыс Қазақстан Тәуелсіздік жылдары» атты 2 фотоқұжаттық көрме және «Тәуелсіздік жалау астында» атты тақырыптық кеші арналады. Қазақстан халықтар Ассамблеясы Күніне арналып облыстық мемлекеттік мұрағатында сақтауда жатқан кітаптар мен құжаттар бойынша дәріс-сабақ өткізу жоспарланып отыр. Кітапханалармен, мұражайлармен бірлесе А. Бөкейхановтың 150-жылдығы (қазақ қоғам қайраткері, оқытушы, журналист, этнограф, «Алаш» партиясының көшбасшыларының бірі), С.Н. Герасимовтың 115-жылдығы (өлкетанушы, ғалым, жазушы), Е.П. Михаэлис 175-жылдығы (саяси жер аударушылар, ғалым, өлкетанушы), Н.В. Алексеенконың 85-жылдығы (Өскемен қ. Құрметті азаматы, ғалым, өлкетанушы) және тағы басқа мерейтойлармен байланысты іс-шаралар жүргізу жоспарда.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru